2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының қазақстандық жүлдегерлері

Қазақстан 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында барлығы 76 медаль алды — 15 алтын, 17 күміс және 44 қола.

Азиада 2 қыркүйек күні салтанатты жағдайда жабылады. Бұл ойындарға елімізден барлығы 440 спортшы қатысты. Көп жүлдеге ескек есу спортынан және жеңіл атлетикадан қол жетті.

Алтын медаль иегерлері:

  1. Дмитрий Алексанин, семсерлесу, шпага.
  2. Алексей Луценко, велоспорт, топтық жарыс.
  3. Алексей Луценко, велоспорт, жекелей сын.
  4. Дархан Нортаев, джиу-джитсу, 62 келі.
  5. Руслан Исраилов, джиу-джитсу, 77 келі.
  6. Гузалия Ғафурова, каратэ, 68 келі.
  7. Көркем гимнастикадан Қазақстанның әйелдер құрамасы.
  8. Алина Әділханова, көркем гимнастика.
  9. Ескек есуден Қазақстанның ерлер құрамасы, байдарка/төрттік.
  10. Дидар Хамза, дзюдо, 81 келі.
  11. Ольга Рыпакова, жеңіл атлетика, үш қарғып секіру.
  12. Бағлан Ибрагим, самбо.
  13. Инна Клинова, байдарка, 200 метрге жарысу.
  14. Ділдаш Күрішбаева, самбо.
  15. Су добынан Қазақстанның ерлер командасы.

Күміс медаль иегерлері:

  1. Данияр Қайсанов, еркін күрес, 74 келі.
  2. Жұлдыз Ешімова, әйелдер күресі, 53 келі.
  3. Жансель Дениз, таэквондо, 67 келіден жоғары.
  4. Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы.
  5. Алмат Кебіспаев, грек-рим күресі, 67 келі.
  6. Нұрмахан Тінәлиев, грек-рим күресі, 130 келі.
  7. Денис Евсеев пен Александр Бублик, теннис, жұптық разряд.
  8. Дидар Әмірәлі, каратэ, 67 келі.
  9. Маргарита Мұқашева, жеңіл атлетика, 800 метрге жүгіру.
  10. Илья Голендов пен Андрей Ергучёв, байдарка/екілік.
  11. Сергей, Тимофей Емельяновтар, каноэ/екілік.
  12. Сергей Токарницкий, байдарка, 200 метрге жарысу.
  13. Ескек есуден Қазақстанның әйелдер құрамасы, байдарка/төрттік.
  14. Дзюдошылар командасы, аралас командалық сын.
  15. Аян Бейсенбаев, триатлон.
  16. Асланбек Шымбергенов, бокс.
  17. Әбілхан Аманқұл, бокс

Қола медаль иегерлері:

  1. Саятбек Оқасов, еркін күрес, 65 келі.
  2. Әділет Дәулембаев, еркін күрес, 86 келі.
  3. Фариза Алдоңғарова, таэквондо, 53 келі.
  4. Кирилл Казанцев, велоспорт, маунтинбайк, кросс-кантри.
  5. Руслан Жапаров, таэквондо, 80 келіден жоғары.
  6. Эльмира Сыздықова, әйелдер күресі, 76 келі.
  7. Мейрамбек Айнағұлов, грек-рим күресі, 60 келі.
  8. Александр Куликов, ескек есу слаломы.
  9. Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы, шпага.
  10. Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер құрамасы, сабля.
  11. Нұрлан Мырзабаев, таэквондо, 80 келі.
  12. Дмитрий Баландин, 100 метрге брасс әдісімен жүзу.
  13. Азамат Құстыбаев, грек-рим күресі, 87 келі.
  14. Ерұлан Ысқақов, грек-рим күресі, 97 келі.
  15. Александра Опачанова, академиялық ескек есу, жеке сайыс.
  16. Мария Дмитриенко, стенд ату, екілік трап.
  17. Ерасыл Қайырбек, таэквондо, 68 келі.
  18. Әділбек Мусин, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу.
  19. Гөзәл Айнитдинова мен Анна Данилина, теннис, жұптық разряд.
  20. Нұржан Сейдуәлі, джиу-джитсу, 56 келі.
  21. Нартай Қажеков, джиу-джитсу, 69 келі.
  22. Александр Недовесов пен Анна Данилина, теннис, микст.
  23. Дмитрий Баландин, 50 метрге брасс әдісімен жүзу.
  24. Жүзуден Қазақстанның ерлер құрамасы, эстафета.
  25. Данияр Юлдашев, каратэ, 84 келіден жоғары.
  26. Ризат Мақашев, джиу-джитсу, 94 келі.
  27. Иван Иванов, жеңіл атлетика, ядро лақтыру.
  28. Элина Михина, жеңіл атлетика, 400 метрге жүгіру.
  29. Екатерина мен Александра Немичтер, синхронды жүзу.
  30. Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы, аралас эстафета.
  31. Отгонцэцэг Галбадрах, дзюдо, 48 келі.
  32. Артём Захаров, велоспорт, трек, ізге түсу жарысы.
  33. Елдос Жұмақанов, дзюдо, 66 келі.
  34. Надежда Дубовицкая, жеңіл атлетика, биіктікке секіру.
  35. Пірмәммад Әлиев, батутта секіру.
  36. Ерсұлтан Мұзаппаров, белбеу күресі, 90 келі.
  37. Артём Захаров, велоспорт, трек, омниум.
  38. Жеңіл атлетикадан Қазақстанның әйелдер құрамасы, эстафета.
  39. Гүлжан Исанова, дзюдо.
  40. Айжан Жылқыбаева, самбо
  41. Бейімбет Қанжанов, самбо.
  42. Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров, каноэ, екілік.
  43. Әлібек Зекенов, самбо.
  44. Регбиден Қазақстан әйелдер командасы.