Азиада-2018: Мария Дмитриенко қола медаль иеленді

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы кезекті қола медальға қол жеткізді. Мария Дмитриенко стенд атудан үздіктер қатарында көрінді.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Дубль-трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады.

Алтын және күміс медаль тиісінше 136, 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті.

Еске сала кетейік, Мария Дмитриенко «трап» бағдарламасы бойынша іріктеу айналымында Азия ойындарының рекордын жаңартқан еді. Алайда финалда жүлдесіз қалды.