Азиада-2018: Алина Әділханова жекелей сында да алтын медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан жекелей сында қазақстандық Алина Əділханова бірінші орынға көтеріліп, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Алина жекелей сында жалпы есебі 66.800 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65.850), қола жүлдені Қытай өкілі Ятин Жао (65.550) иеленді.

Бұл бағдарламада өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық гимнаст Адиля Тілекенова тоғызыншы орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін Алина Әділханова топтық сында да көркем гимнастикадан Қазақстан командасы қатарында алтын медаль жеңіп алған еді.