Азиада-2018: алтыншы жарыс күнінің қорытындысы

Қазақстан спортшылары үшін Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды.

24 тамыз күні Қазақстан құрамасы барлығы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, бір күміс және алты қола.

Алтын медальді велоспортшы Алексей Луценко жеңіп алды, бұл — оның осы Азиадада екінші рет чемпион атануы.

Күміс медальді қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Денис Евсеев жұбы иеленді.

Қола медаль да бүгін теннисшілерімізге бұйырды. Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина жұбы және Александр Недовесов пен Анна Данилина жұбы үздік үштікке енді.

Джиу-джитсудан Қазақстан командасының мүшелері Нұржан Сейдуәли мен Нартай Қажеков, 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және жүзуден Қазақстан ерлер командасы да 24 тамызда қола медальға ие болды.

Сөйтіп, Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінен соң Қазақстан құрамасы 34 медаль иеленіп отыр — 3 алтын, 7 күміс және 24 қола. Жалпыкомандалық есепте еліміз 11-орында тұр.

ДереккөзSports.kz