Азиада-2018: ядро лақтырудан Иван Иванов қола медаль жеңіп алды

Бүгін Джакартада жеңіл атлеттер додасы басталды.

Қазақстандық атлеттер арасынан алғаш болып Иван Иванов қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иван Иванов ядро лақтыру сайысында сынға түскен болатын. Біздің спортшымыз 19 метр 40 сантиметр нәтижесімен үздік үштікке енді.

«Бүгінгі нәтиже көңілімінен шығады. Тек 20 метрге жетіп жығылатын мүмкіндігім шеңберден шығып кеткенім үшін есепке алынбады. Соған аздаған өкінішім жоқ емес. Күміс жүлде қол созым жерде тұр еді. Десе де, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі Олимпиада ойындары бар. Барлығы да енді басталып жатыр», — деді Иванов.

Ядро лақтырудан Азиаданың алтын жүлдесін үндістандық Сингх Тажиндерпал (20.45), күміс жүлдесін қытайлық Янг Лю (19.52) иеленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Президент халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды

Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.