Қазақстан 2018 жылғы Азия ойындарының соңғы күні 12 медаль алды

Джакарта мен Палембангта  жылғы Жазғы Азия ойындары аяқталуға таяды. 2 қыркүйек күні триатлоннан командалық аралас жарыстар өтеді, бірақ оған Қазақстан спортшылары қатыспайды.

Қазақстан құрамасы өзінің соңғы жарыс күнінде 12 медальға ие болды — үш алтын, алты күміс және үш қола. Алтын медальға байдарка мен каноэде ескек есуші Инна Клинова, самбошы Ділдаш Күрішбаева және су добынан ерлер құрамасы қол жеткізді.

Су добынан Қазақстан ерлер командасы. Фото: Сали Сабиров

1 қыркүйекте күміс медаль боксшылар Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұлға, ескек есушілер Сергей Токарницкий мен қыздар төрттігіне (Инна Клинова, Ирина Подойникова, Зоя Ананченко және Виктория Копьева), командалық сынға қатысқан дзюдошылар тобына (Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Севара Нишанбаева, Зере Бектасқызы) және триатлоншы Аян Бейсенбаевқа бұйырды. 

Бүгін қола медальді ескек есуші жұп — Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров, самбошы Әлібек Зекенов және регбиден Қазақстан әйелдер командасы жеңіп алды.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы бұл Азиадада барлығы 76 медальға ие болды — 15 алтын, 17 күміс және 44 қола. Жалпыкомандалық есепте еліміз 9-орында.

ДереккөзSports.kz