Басты бет / Жаңалықтар /
e72bff420dcb67dce1a07bc6a052c6a9 Азиада-2018: Қазақстан көркем гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров

Азиада-2018: Қазақстан көркем гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Триумф авторлары — Даяна Әбдірбекова, Алина Әділханова және Адиля Тілекенова.

Қыздар 159.850 ұпаймен сайысқа қатысушылардың бәрінен үздік шықты.

Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Еске салайық, бұған дейін каратеші Гузалия Ғафурованың алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз