Азиада-2018: Дархан Нортаев Қазақстанға кезекті алтын медаль сыйлады

Джиу-джиутсудан 62 келіде сынға түскен қазақстандық Дархан Нортаев Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дархан 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен жеңсе, келесі айналымда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан 4:0 есебімен басым түсті.

Ақтық сында Біріккен Араб Әмірліктерінің тағы бір спортшысын жеңген Дархан Азиада чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлдені салды.