Басты бет / Жаңалықтар /
Карл Густав, Швеция
Фото: Ақорда

Тоқаев Швеция королін Ұлттық күнмен құттықтады

Мемлекет басшысы Швеция королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сонымен қатар президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram