Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Студенттер экологиялық сағат өткізді

Фото: gov.kz
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 1-курс студенттері мен Батыс Қазақстан облысының еріктілері үшін «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбында экологиялық сағат өткізді.

Іс-шара Жайық өзенінің жағалауындағы саябақта ұйымдастырылып, қатысушылар қалдықтарды бөлек жинаудың негізгі қағидаларымен танысып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін таза ауада еркін форматта талқылауға мүмкіндік алды.

Экологиялық сағат барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптаудың маңызы, олармен жауапкершілікпен жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ қағаз, пластик, шыны, металл және басқа да қайта өңдеуге жарамды шикізат түрлері бойынша бөлу ережелері түсіндірілді. Студенттер мен еріктілер алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, әртүрлі қалдық түрлерін тиісті контейнерлерге өздері сұрыптап орналастырды.

Қалдықтарды бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға, полигондарға жіберілетін қалдықтар көлемін азайтуға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге және халықтың экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.