Басты бет / Жаңалықтар /
532b26ae8100c02066fe952374fd7b48 Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанды
Гузалия Ғафурова. Фото: Данияр Майлыбаев

Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанды

Джакартадағы жазғы Азия ойындарында каратешілер сайысы жалғасып жатыр. 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың алтын медалін жеңіп алды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гузалия Ғафурова бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда қазақстандық спортшы Вьетнам каратешісін 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшы Ли Линг Тангты 2:0 есебімен жеңді.

Қазір Қазақстан 6 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Азия ойындарына барлығы 440 спортшымыз қатысып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Мақалаға пікір қосыңыз