Азиада-2018: Қазақстан теннисшілері қола жүлдеге ие болды

Қазақстан теннисшілері Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жартылай финалда Данилина-Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Бүгін Азиадада Бублик/Евсеев жұбы алтын медальға таласады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы — Үндістан командасы.