Басты бет / Жаңалықтар /
22229948e7a3d2c0a847e79d4cdb9d54 Алматыда жаңа жол белгілері қойылып жатыр. Көлік жүргізушілерін не күтіп тұр?
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа жол белгілері қойылып жатыр. Көлік жүргізушілерін не күтіп тұр?

Алматыда төмен эмиссия аймағының (LEZ) пилоттық жобасы шеңберінде жол белгілері мен ақпараттық тақталарды орнату жұмыстары басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алматы паркинг» ШЖҚ КМК өкілдерінің мәліметінше, ақпараттық құрылымдар Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Абай және Достық көшелері аумағындағы пилоттық аймақтың кіреберістеріне орналастырылып жатыр. Жоба аясында жалпы саны 134 жол белгісі мен ақпараттық тақта орнату жоспарланған.

Олардың қатарында төмен эмиссия аймағына кіреберісті білдіретін 5.50 экологиялық белгілер, аймақтан шығуды көрсететін 5.51 белгілері және жол қозғалысына қатысушыларға арналған ақпараттық тақталар бар.

Мекеме мәліметінше, бұл жұмыстар 28 сәуірде басталған LEZ жобасының техникалық пилоттық кезеңінің бір бөлігі. Қазір көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды, айыппұл салу немесе аймаққа кіру үшін төлем алу қарастырылмаған.

LEZ, жол белгілері
Фото: Алматы әкімдігі

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – цифрлық инфрақұрылымды сынақтан өткізу, көлік ағындарын есепке алу жүйелерін баптау және көліктің ауа сапасына әсерін талдау үшін деректер жинау.

Мамандардың айтуынша, пилоттық режим жобаның әкімшілендіру және цифрлық жүйелерін толық енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін олардың жұмысын тексеруге мүмкіндік береді.

Еске салайық, техникалық пилоттық кезең 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында аймақ аумағында көлік қозғалысы қалыпты режимде сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok