Жаңа оқу жылына дейін елімізде 81 жаңа мектеп ашу және тағы 213-ін толық жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтты.
Биыл қыркүйек айынан мектеп мұғалімдерін жұмысқа қабылдау тәртібі өзгереді. Бұдан бөлек, директорларды тағайындау, еңбегіне қарай жалақы сияқты тың бастамалар қолға алынды.