Білім күні: орта мектептердегі оқу жылының 18 жаңалығы

1. 2018-2019 оқу жылында еліміздегі 7 024 мектепке 3 миллионнан астам оқушы барады, оның ішінде 350 мыңы — бірінші сынып оқушысы.

2. 2018 жылы мемлекет қаржысынан 53 миллиард теңгеге 110 мектеп салынды.

3. Жаңа оқу жылында Ақмола облысында 3, Ақтөбе облысында 9, Алматыда 6, Шығыс Қазақстан облысында 1, Жамбыл облысында 4, Батыс Қазақстан облысында 3, Қарағанды облысында 3, Қызылорда облысында 5, Маңғыстау облысында 8, Түркістан облысында 20, Алматыда 7, Астанада 3 мектеп пайдалануға беріледі.

4. Жаңа оқу жылында ауылдардағы 5324 мектепке 56 977 компьютер жинағы беріледі.

5. Жаңа оқу жылында Астанадағы 87 орта мектепке қаржыландырудың жаңа механизмі енгізіледі, енді бұл мектептерге бөлінетін қаржы көлемі олардағы оқушылар санына байланысты болады.

6. Жаңа оқу жылында 1500-ден астам мектепте робототехника, программалау, 3D-принтинг кластары болады.

7. Жаңа оқу жылында «Информатика» пәні 3-сыныптан басталады, бұрын 5-сыныптан басталған еді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика келесі жылдан 1-2-сыныптардан бастап оқытылады.

8. Жаңа оқу жылында 3-6-8-сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша жасалған оқулықтармен оқытылады.

9. 5-7-сыныптарда тұңғыш рет «Өлкетану» курсы оқытылады.

10. 10-11-сыныптардың оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні сынақ түрінде енгізіледі.

11. Астанадағы 5 мектеп латын әліпбиіне көшеді.

12. Жаңа оқу жылында педагогтар 5 құжатты толтыруға міндетті болады — күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы.

13. Жаңа оқу жылында мұғалімдер ҰБТ-ға қатысу міндетінен босатылады. Мектептердің ҰБТ бойынша рейтингі есепке алынбайды.

14. Жаңа оқу жылында педагогтарды аттестациялаудың жаңа жүйесі болады. Одан өткендердің біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы қарастырылады.

15. Жаңа оқу жылында республика бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен 110 мыңнан астам педагог сабақ береді.

16. Жаңа оқу жылында 5000-ға жуық мұғалім өз пәнін ағылшын тілінде оқытады.

17. Жаңа оқу жылында әр мектеп қандай типтік оқу бағдарламасымен жұмыс істейтінін өзі шешеді.

18. Жаңа оқу жылында ата-аналар мектеп формасын кез келген жерден сатып ала алады. Бастысы – форманың түсі мен стилі бірдей болуы керек.