Нұр-Сұлтанның бірнеше мектебінде қосымша ғимарат пайда болды

Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылында 3 мектеп пен 5 қосымша құрылыс пайдалануға беріледі. 

Алтай Көлгінов мектептердің қосымша ғимаратының құрылысын көрді
Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Алтай Көлгінов “Көктал-2” тұрғын үй алабындағы екі қосымша  құрылыстың барысымен танысты.

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 68 мектептің жаңа ғимараты үш ауысыммен оқыту мәселесін шешуге көмектеседі. Оның қосымша құрылысы 500 орынға арналған. Ғимаратта кең кабинеттер, асхана және спортзал болады. Мектеп ғимаратының өзі 2011 жылы 800 оқушыға арнап салынған.

Алтай Көлгінов мектептердің қосымша ғимаратының құрылысын көрді
Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

Алтай Көлгінов №40 мектептің қосымша ғимаратының құрылысын да көрді. Жаңа корпусқа 800 бала сыяды, мектеп ғимаратының өзі 700 оқушыға арналған.

Екі мектеп те жиһаздармен және техника жабдықтарымен қамтылған. Алтай Көлгінов  оқу жылының басында мектеп аумағын аббаттандыруды тапсырды. Нұр-Сұлтанда алдағы 5 жыл ішінде кешенді жоспар аясында 37 жаңа мектеп салу жоспарланған. Қазір қалада 108 мектеп бар, оларда 162 мың оқушы оқиды. Бұл оқушылардың қатарына 1 қыркүйекте тағы 24 мың бала қосылады.