Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда мұғалімдердің 93,1%-і вакцина алды

9 тамыздағы мәлімет бойынша, білім беру мекемелеріндегі педагогтардың 93,1%-і және басқа қызметкерлердің 88,4%-і коронавирусқа қарсы вакцина алды. Студенттерді вакцина алуға ынталандыру бойынша университеттер арнайы шараларды да іске асырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, тегін курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру деген сияқты бастамалар көптеп қолданылды, — деді министр Үкімет отырысында.

Болжам бойынша, жаңа оқу жылында педагогтардың 12 мыңнан астамы — жас мамандар. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстарында жұмыс істейді.