Не болды?
Құлағы естімейтін қыздың тойында құрбылары ым-ишара тілінде ән айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Rredzi деген Тiktok қолданушысы құлағы естімейтін қыздың тойында ым-ишара тілінде достық туралы ән айтқан құрбылардың видеосын жеке парақшасына жүктеген. Қыздар құрбысына ән арқылы махаббатын жеткізіп, адал дос екенін айтты.
Бұл — әсерлі сәт әрі ерекше қамқорлықтың белгісі. Бақытты бол, құрбым! — дейді Тiktok қолданушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мираш Сәдуақасова деген желі қолданушысы видеоға пікір жазып, қызының әнді әсерлі айтқанына қуанғанын жеткізді.
Керемет! Қоңыр көйлек киіп, ән айтып тұрған менің қызым. Ол есту аппаратын тағып жүреді. Аппаратпен жақсы естіп, сөйлей алады, ал тақпаса естімейді. Өлеңді өте әсерлі әрі жүрекпен айтқанына қатты қуандым. Жарайсың, қызым! — деп жазды ол.
Тағы бір Тiktok қолданушысы видеодағы қыздар №5 әлеуметтік (түзету) мектеп интернатының оқушылары екенін айтты.
Алматыдағы №5 интернаттың оқушыларына, яғни осы қыздарға біраз жыл бұрын сабақ бергенмін. Тұрмысқа шығып жатқан қыз менің оқушым — Аяна. Көзді ашып, жұмғанша уақыт зымырап өте шығыпты. Сұлуларым, өте ақылды қыздар! — деп жазды ол.
***
Тағы оқыңыз:
