Астанада қоғамдық көлік аялдама кешенінің маңында зейнеткер әйелді қағып кетті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жол-көлік оқиғасы 13 маусым күні таңертең Астанадағы Сәтбаев көшесі бойында орналасқан аялдама кешенінің маңында болған. Оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Кейін бұл мәліметті Астана полиция департаменті растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицияның мәліметінше, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сәтбаев көшесімен келе жатып, аялдама кешеніне кіреберісте жолдың жүру бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
13 маусым күні Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сәтбаев көшесімен келе жатып, аялдама кешеніне кіреберісте жолдың жүру бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады полиция.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
