Оқушылар мен студенттер қандай форматта оқиды? Министр жауап берді

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйек күнгі салтанатты іс-шара дәстүрлі түрде мектеп аумағында тек 1-класс оқушылары үшін ұйымдастырылады. 2-11-класс оқушылары тікелей бекітілген кластарға барып тақырыптық класс сағатына қатысады.

 

Мектептегі барлық 1-11-класс оқушыларына қатаң санитария талабын сақтап оқыту дәстүрлі форматта жүреді. Колледж бен жоғары оқу орындарында да дәстүрлі форматта оқыту ұсынылады. Ата-анасы немесе өзі коронавируспен ауырып жатқандар мен денсаулығы бойынша қауіп тобына кіретін студенттер уақытша қашықтан білім алады, — деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министр жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта бастағалғанымен, қашықтан оқыту кезіндегі білім сапасы кемшіліктерінің орнын толтыру бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатта кешенді, мақсатты жұмыстар іске асырылады. Оқу жылында былтырға күрделі сабақтарға көбірек сағат бөлініп, оқу бағдарламаларын коррекциялауға, оқу үлгерімі нашар балалармен қосымша жұмыс істеуге басты назар аударылады.

Министр педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру бойынша онлайн курстар дайындалғанын айтты. Мұғалімдер курсты 2 тамыздан бастап оқып жатыр.

Сабақтың ұзақтығы 45 минут болып, күнделікті бағалау жүйесі әрі қарай жалғаса береді. Биыл 25 мамырдан 19 маусымға дейңн ұйымдастырылған жазғы мектеп тәжрибесі негізінде келесі оқу жылында 4 апталық жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр мектептерді жөндеу туралы да айтып өтті. Елімізде 268 мектеп жөнделіп жатыр. Олардың басым көпшілігі оқу жылының басына дейін аяқталады. Дегенмен 36 мектеп күрделі жөндеу жұмысын аяқтап үлгере алмауы мүмкін. 1 қыркүйекке дейін жөндеу жұмысы аяқталмайтын мектептерің көбі Алматы, Қостанай облыстарында орналасқан.

Бүгінде 31 мыңнан астам оқушы мектеп пен үй арасына тасуды қажет етеді. Оқушыларды 1000-нан астам автобус тасиды. Автобус паркіне 454 көлік қосылды. Тағы 515 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.