Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Семей вокзалындағы құрылыс 2 ауысымдық режимге көшті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Абай облысының әкімі Берік Уәли үкімет отырысында өңірдегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Берік Уәлидің айтуынша, қазір Ауыл стансасы мен Белағаш стансасында құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысандар пайдалануға берілген. Ал қалған сегіз вокзал бойынша жұмыстар жоғары қарқынмен жалғасып жатыр.

Кейінгі бір ай ішінде құрылыс нысандарының орташа дайындық деңгейі 32,5%-дан 40,1% дейін өскен. Vемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған алты вокзал – Ақтоғай вокзалы, Дегелең вокзалы, Шар вокзалы, Үшбиік вокзалы, Жарма вокзалы және Жалаңашкөл вокзалы бойынша мердігер ұйымдарға келісімшарт құнының 20%-ы көлемінде қосымша аванс төленген. Сонымен қатар Семей және Аягөз қалаларындағы ірі теміржол тораптарына әкімдіктің кепілдік хаттары негізінде Қазақстан темір жолы тарапынан жобалар құнының 50%-ы көлемінде аванс берілген. Бұл шешім Семей вокзалындағы құрылыс жұмыстарын екі ауысымдық режимде жүргізуге және құрылысшылар санын 156 адамға дейін көбейтуге мүмкіндік берген, — деді Берік Уәли.

Берік Уәлидің сөзіне қарағанда, барлық сегіз вокзалдағы құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысандардағы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін күнделікті мониториң ұйымдастырылып, жоба тұрақты бақылауға алынған.

Мақалаға реакция