Жаңа оқу жылы мен каникул уақыты анықталды

2021-2022 оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы келесідей: 1-сыныптар 33 апта оқиды, 2-11 сыныптарда оқу 34 аптаға созылады.

Оқу жылындағы каникул мынадай:

  • 1-11 (12) сыныптарда: күзгі — 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы — 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі — 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул — 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

Білім және ғылым министрінің бұйрығы толық Норматив құқықтық актілер эталондық бақылау банк сайтында жарияланды.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы мектеп формасына қатысты мәлімдеме жасаған еді.