Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда өңірінде "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламасы іске асып, сан түрлі салада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Құрылысқа жергілікті жердің азаматтары тартылып, өңірде 9 мыңнан аса тұрғыны жұмысқа орналасты. Бағдарлама толық аяқталғаннан кейін аймақта 452 тұрақты жұмыс орны сақталады.
Қызылорда облысында 26 523 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына орналасады деп жоспарланып отыр.
Нұр-Сұлтан әкімдігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге "Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы" ақпараттық жүйесі әзірленді.