Кәсіби оқыту
Фото: Аstana.gov.kz

Қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіби білім беру курстарын тәмадаған 313 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жыл басынан 732 адам 25 мамандық бойынша білім алды. Олардың ішінде автокөліктерді жөндеуші, «D» деңгейлі жүргізуші, лифт жөндеуші және киберқауіпсіздік саласы маманы мамандықтары халық арасында жоғары сұранысқа ие. Оқу мерзімі 1-6 ай болды. Курсты аяқтаған 445 студенттің 313-і тұрақты жұмыспен қамтылды», – делінген хабарламада.