Электронды еңбек биржасы барлық аймақта қолжетімді болды

Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір портал еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр. Яғни, әркім тұратын жеріне қарамай-ақ, осында тіркеліп жұмыс іздей алады. Жұмысшылар мен олардың еңбек келісімшарттары бір қорға жинақталады.

Сондай-ақ аз қамтылған адамдарға жағдай жасау үшін тағы бір жоба жүзеге асып жатыр. Оған сәйкес азаматтардың әлеуметтік мәртебесі жайлы ақпарат бір жерде сақталады. Ал оларға жәрдем беру керек болса, сол мәліметтерді қолдануға болады.