Бізідің есептерге сәйкес, халықтың өсуіне байланысты 2023 жылға қарай Астанада жұмыспен қамтылғандар саны 650 мыңға дейін өседі, яғни жаңа 150 мың жаңа жұмыс орны пайда болады.
Бұның барлығы ең бастысы жаңа технологиялық ахуал мен жаңа заманның сын-тегеуріндеріне тойтарыс беруге бағытталған.
«»Big Data» технологиясының көмегімен біз ескірген кәсіптерді тауып, оларды мемлекеттік тапсырыс ішінен алып тастадық, қалалық шаруашылыққа қажетті мамандықтарды анықтадық, мәселен: лифт қызметінің инженері, әлсіз тоқты жүйелер инженері, газдандыру маманы, қазіргі кезде жетіспейтін қазақ және ағылшын тіліндегі география мұғалімі және құрылыс және жобалау, киберқорғаныс, өнеркәсіп, көлік, медицини және білім саласындағы одан басқа бірқатар жоғары технологиялық мамандықтар бар.Осыған байланысты біз мемлекеттік тапсырыс қайта қарастырдық. Біріншіден, біз қалаға қажет мемлекеттік тапсырысты жоғары білім мен орта білімге көбейттік.Сонымен бірге, базарлар мен құрылыс объектілерінде жұмыс істетйтін жастарға арнап, олар жаңа мамандықты үйреніп, қосымша табыс табатын мүмкіндгі болуы үшін қысқа мерзімді курстарды енгіздік.», — деді Астана әкімі Әсет Исекешев.
Биыл бұл жоба аясында 30 мың адамды оқытуға жоспарлап отырмыз, оның 17 мыңы мемлекеттік тапсырсы аясында білім алады.
— жоғары білім – 1000 адам (күндізгі оқу),
— бөлек катерогиядағы адамдар үшін жоғары білім – 102 адам (күндізгі),
— техникалық және кәсіби білім беру – 4547 адам (күндізгі),
— қысқа мерзімді кәсіби білім беру – 125 адам (кешкі оқу үлгісі),
— цифрлық сауаттылық – 10000 адам
— кәсіпкерлік бастамалары – 1000 адам.
Осы жылы, бірінші рет, мемлекеттік тілде білім беру көрсеткіші 45%-тен 65%-ке өседі. Оның ішінде, алғашқы рет келесі мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:
— жобалаушы BIM менеджер,
— медициналық оптика, фармация,
— монтаж,
— тех қызмет көрсету және мед техниканы жөндеу,
— су құбырлары бойынша смета жасаушы,
— әлсіз тоқты жүйлелерді монтаждаушы,
— лифтер.