Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір көлік аукционға шықты

Фото: Sauda.e-qazyna

Не болды?

Электронды сауда порталында Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір көлік аукционға шықты. Осы жолы 2023 жылғы Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік бұрынғы иесінің ісі бойынша тәркіленген мүлік қатарында болған. 2024 жылдың желтоқсанында қаржылық мониториң агенттігі Перизат Қайратқа жылжымайтын мүлкін, автокөліктерін және зергерлік бұйымдарын қолдануға тыйым салған. Олардың қатарында аукционға шыққан 111 KPK 01 VIP нөмірлі Mercedes те бар.

Сауда порталындағы мәлімет бойынша, көліктің сол жақ есігі, айнасы, жүргізуші есігінің әйнегі, қанаты, бампері мен жарығы зақымданған. Сонымен қатар көліктің жағдайын толық тексеру мүмкін болмаған.

Сатылымға шыққан көлік құны 26,3 миллион теңге. Аукцион 9 шілдеге жоспарланған.

«Biz Birgemiz» қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккен жандарға жиналған қаражатты жымқырды деген айыппен сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот айыпталушының анасын да кінәлі деп танып, 7 жылға соттады. Шешім бойынша олардың мүлкі тәркіленіп, зардап шеккендердің шығынын өтеу мақсатында сатылымға шығарылды.

Контекст

Перизат Қайрат пен анасынан қанша мүлік тәркіленгенін мына жерден оқыңыз.

Мақалаға реакция