Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жанәбіловтерден тәркіленген 17 ұялы телефон аукционға қойылды

Фото: instagram.com/elt6i

Не болды?

Астанада блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленген ұялы телефондар электронды сауда порталына сатылымға шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті iPhone 16 үлгісіндегі 17 смартфон сатылымға қойған. Әр құрылғының бастапқы бағасы 484 990 теңге. Ал аукционға қатысу үшін төленетін кепіл жарна — 72 749 теңге.

Аукцион 8 шілде күні сағат 10:00-де E-Qazyna платформасында өтеді.

Биыл сәуір айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты Ерболат Жанәбіловті екі жылға шартты түрде соттап, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Ал Эльмира Төлегенова екі жылға бас бостандығынан айырылды, алайда сот үкімінің орындалуы екі жылға кейінге қалды.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Жанәбіловтерден тәркіленген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі де сатылымға шықты.

Мақалаға реакция