12 қазанда ҰҚК шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетел азаматын ұстады.
ІІМ мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімін жариялады. Құжат көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алуға бағытталған.
Бүгін «Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі басталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керек екенін айтты.
21 қыркүйектен бері Қазақстанда шетелдіктерден ЖСН алуға 200 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрінің орынбасары Әсет Тұрысов айтты.
Ұлттық экономика министрлігі шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салуды 2024 жылға дейін ұзарту туралы президент жарлығының жобасын дайындады.