Президент жаңа ішкі саясат құжатына қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Бұл құжат ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеуге және үйлестіруге бағытталған.

Идея ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтеріліп, президент оны қолдаған болатын. Құжатты әзірлеуге президент әкімшілігі, мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Тұжырымдамалық құжатта ішкі саясаттың басты қағидаттары айқындалған:

  • «Заң және тәртіп»

  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

  • «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт»

  • «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет»

  • «Адал азамат»

  • «Таза Қазақстан»

Сонымен қатар онда жалпыұлттық құндылықтар мен ұлттық нышандар жүйесі, сонымен бірге қоғамдық диалог, этносаралық қатынас, дін, мәдени-гуманитарлық, отбасы және жастар саясаты сияқты басым бағыттар көрсетілген.

Құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыруға негіз болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да