Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Білім гранттарына құжат қабылдау қашан басталады?

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын тағайындау байқауына құжат 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта, виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады.

Грант байқауына қатысу үшін талапкерлер мына құжаттарды ұсынуы қажет:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фотосурет;
  • орта білім туралы аттестат;
  • колледж түлектері үшін диплом.

Сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатын азаматтар өз мәртебесін растайтын құжаттарды қоса тапсыруға тиіс.

Министрліктің мәліметінше, B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер үшін қосымша талап қарастырылған.

B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыру қорытындысы талап етіледі, – делінген хабарламада.

Грант конкурсының қорытындысы құжат қабылдау аяқталғаннан кейін жарияланады.

Мақалаға реакция