Басты бетЖаңалықтарМопедті қалай...

Мопедті қалай тіркейді? Құжаттар тізімі жарияланды

ІІМ мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімін жариялады. Құжат көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алуға бағытталған.

Себебі Қазақстанда аталған көлік түрінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Мәселен, Алматының өзінде жыл басынан бері 360 осындай жағдай тіркелді. Соның салдарынан 364 адам зардап шексе, алты адам қаза болған.

Сондықтан министрлік мопед жүргізушілеріне 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады. 

Оған сәйкес мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімі белгіленді. Ол үшін:

  • жеке басты куәландыратын құжат;
  • Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;
  • техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
  • иесінің өтініші;
  • көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде берілген көлік құралын қарап тексеру актісін ұсыну керек.

Заңға қол қойылды.