Не болды?
Биыл балалар 1-класқа алғаш рет OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы қабылданады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа жүйе ата-анаға өтініш жолдап, мектеп таңдап және қызметтің мәртебесін онлайн бақылауға мүмкіндік береді.
Сервис eGov.kz порталы мен eGov mobile мобайл қолданбаның басты бетінде де көрсетілген. Өтініш беру үшін қолданушы oqu.edu.kz платформасына кіріп, eGov немесе eGov mobile-мен авторизациядан өтуі қажет.
1-класқа қабылдау өңір бойынша жүреді:
- Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысында – 27 мамыр-31 тамыз;
- Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысында – 10 маусым-31 тамыз;
- Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы және Шымкент қаласында – 18 маусым-31 тамыз;
- Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысында – 29 маусым-31 тамыз аралығында.
Контекст
Естеріңізге салайық, оқушыларды 1-класқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауысқан еді.
