Шетел көліктерін заңдастыру үшін қандай құжаттар керек?

Көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек. Ол — өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сонымен қатар көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат керек. Мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік қажет, — деді Сұлтанбаев ведомствода өткен брифингіде.

Бұл құжаттардың рас екенін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы тексереді. Ол жұмыспен сарапшы-криминалист айналысады.

Тексеруден кейін көлік иесінің ұялы телефонына нәтижесі және көлік құралын тіркеу үшін авто ХҚКО-ға келу туралы хабарлама жіберіледі, – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске салайық, 23 қаңтарда шетел көліктері заңдастырыла бастайды.