200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берді

21 қыркүйектен бері 200 000-ға жуық өтініш түсті. Бұл жалпы барлық шетелдіктен. ЖСН беру туралы нақты ақпарат бере алмаймын. Осы жерде бизнеспен айналысып немесе жұмысқа орналасып, банктен есепшот ашқысы келетін кез келген шетелдік азамат ЖСН алуы керек, — деді Тұрысов мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Қазақстанда ЖСН алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өсті. Былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған. Сонымен қатар 2022 жылдың алғашқы үш айында ғана 12 840 ресейлік азаматқа ЖСН берілген.