«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бүгінгі үкімет отырысында мұнай өңдеу зауыттарындағы бензин мен дизель қоры туралы айтты.
Жаңа үкіметтің қаулысы бойынша, елдегі жанармай 20%-ке дейін қымбаттайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов "бағаны көтеруге мәжбүрміз" дейді. Бұл қаншалық дұрыс шешім? Бензин, дизель отыны тағы қымбаттауы мүмкін бе? Сарапшылардан сұрап көрдік.
2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.