Атырауда үш тонна дизель отынын заңсыз сату дерегі анықталды

Атырауда үш тонна дизель отынын заңсыз сату дерегі анықталды.

Атырау бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мұнай өнімдеріне жататын үш тонна дизельді заңсыз сатудың жолын кесті.

Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтауға байланысты іс-шаралар жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек айында осындай іс-шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан 1 жеке тұлға анықталды. Заңсыз айналымнан үш тонна дизель отыны алынып, жинақталған іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін әкімшілік сотына жолданды, — деп хабарлады ведомостводан.