Елімізде дизель отынына жаңа тариф енгізу жоспарланып отыр

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлікке транзиттік көліктер мен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отыны тапшылығын болдырмау міндеті жүктелген.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасына күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70% жуығы шетелдік көліктер. Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бағаны төмендігі орташа айлық тұтыну көлемінің шамамен 120 мың тоннаға артуына әкеледі.

Қазіргі уақытта министрлік дизель отынының сараланған бағасына байланысты бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады. Бұл жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасады, — деді энергетика министрі.