Былтыр елімізде дизель отыны 16%-ке қымбаттады

Қымбатшылық әсіресе Атырауда болды. Мұндағы дизель отыны бір жылда бірден 44,8%-ке көтерілген. Солтүстік Қазақстанда 39,1%-ке және Шығыс Қазақстанда 37%-ке дейін қымбаттады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, сонымен қатар Алматыда бағалар былтырғы деңгейде қалды. Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ке арзандады, — делінген хабарламада.

2023 жылғы қаңтарда елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 20,6%-ке артық. Қаңтарда дизель отынын шығару 13%-ке, 421,8 мың тоннаға дейін өсті.

Ең көп бензин Шымкентте өндірілді: 196,7 мың тонна, екінші орынды Павлодар облысы иеленді: 155,1 мың тонна. Үшінші орында Атырау облысы: 141,7 мың тонна өндірілді. Дизель отынын өндіру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр: 149,1 мың тонна — былтырмен салыстырғанда 11,1%-ке артық. Тағы 148 мың тонна Шымкентте және 109,4 мың тонна Атырау облысында шығарылды, — делінген хабарламада.

2022 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында елімізде 5 миллион тонна бензин және 5,4 миллион тонна дизель отыны өндірілді. Өндірістің өсуі сәйкесінше 3,1% және 8,3% болды. Ішкі нарықта сату және экспорт ішкі нарықта бензинді сату 5 миллион тонна болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсан айларымен салыстырғанда 5,7%-ке артық.