Алматы әкімдігі дизель отынына қатысты жағдайға пікір айтты

Алматы әкімдігі қаладағы дизель отынының жетіспеушілігіне қатысты жағдайға байланысты пікір айтты.

Кейінгі уақытта Алматы қаласында Алматы облысының тұрғындары, сонымен қатар транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты.

Бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35%-ке өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне әкелді.

Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді, — делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі ҚТЖ және ЖМҚС желілерімен бірлесіп тұрақты негізде жолда дизель отынына мониторинг жүргізеді, басқа өңірлерде вагондардың тоқтап қалуына байланысты мәселелер жедел пысықталып жатыр.