Румынияның танымал әншісі INNA 19 шілде күні Алматыда концерт өткізеді. Поп-сахнаның жарқын жұлдызы жанкүйерлеріне ең танымал хиттерін ұсынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
INNA халықаралық деңгейде 2008 жылы шыққан «Hot» әнінен кейін танымал болды. Ән Еуропаның хитіне айналды. Кейін «Sun Is Up», «Amazing», «Déjà Vu», «Cola Song», «Ruleta» және «Flashbacks» сынды әндерін орындап, әлемге аты шықты.
INNA-ның Алматыдағы концерті 2026 жылғы 19 шілдеде Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді. Билетті Freedom Ticketon сайтынан алуға болады.

Әншінің шын есімі – Елена Александра Апостоляну. Ол 1986 жылы Румынияның Мангалия қаласында дүниеге келген. Оны бала күнінде атасы Инна деп атаған. Әнші есейген соң бұл атты сахнадағы есіміне айналдырған.
INNA — YouTube платформасындағы бейнебаяндары 1 миллиард реттен аса қаралған еуропалық алғашқы әнші.Кейінгі кезде әнші Еуропа, Латын Америкасы мен Таяу Шығыста концерт беріп жүр. Әншінің Қазақстанға келетіні елдегі ең елеулі оқиғаға айналмақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт ауқымды шоу форматында өтеді. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары әлемдік поп-музыканың танымал жұлдызының өнерін шілде айында тамашалай алады.
