Не болды?
Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскерилерге арнап Voenmart пилот жобасын іске қосты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа цифрлық сервис қазіргі Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонының оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде бар. Жоба аясында сарбаздар тапсырыс беру үшін жеткізуші компания терминал мен планшетті тегін ұсынған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Voenmart жүйесінде сарбаздар қажет тауарды онлайн тапсырыс жасайды. Кейін тауар әскери бөлім аумағына тегін жетеді.
Voenmart әскери дүкендерге қарағанда кең ассортимент ұсынады. Мұнда жеке гигиена құралдары, тігін бұйымдары, тәттілер мен тіскебасарлар, шырындар, жаңа піскен жемістер, нан өнімдері және күнделікті тұтынуға қажет басқа да тауар бар.
Жеткізу қызметі тегін. Сарбаздар тек тауардың құнын төлейді, қосымша комиссия немесе қызмет көрсету ақысы алынбайды, — дейді министрлік.
Жобаның ерекшелігі – дайын ыстық тағамға да тапсырыс беруге болады. Әскерилер фастфуд, ыстық нан өнімі секілді тағамға тапсырыс беріп, оларды жаңа піскен күйінде алады.
Жобаны тексеру аяқталғаннан кейін, Voenmart жүйесін өзге әскери бөлімдерге де орнату жоспарда бар.
Контекст
Денсаулығына қарай әскери қызметтен босайтын азаматтар кімдер? Мына жерден оқыңыз.
