Жанар-жағармайға мұқтаж шаруалардың деректер базасы құрылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіске дайындық жұмысты күшейту қажет. Жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу де ерекше бақылауда болуға тиіс. Алып-сату және қолдан жасалатын тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизельді басқа жаққа жасырын сататын операторларға барынша қатаң шара қолдану керек, — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов өңірлер бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құруды тапсырды.