Павлодарда қысқы дизель отыны шығарылады

Екібастұз қаласының ауылдық аймағында жұмыс сапарымен болған аймақ басшысы Болат Бақауов жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысып қайтты.

«Alef trade» ЖШС-нің бас директоры Қайырлы Ғалиев облыс әкіміне зауыт ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылатынын мәлімдеді.

«Қазіргі кезде дизель отыны мен шикізатты сақтауға арналған ыдыстар мен оларды қоятын алаңдар дайын. Зауытқа электр қуатын беретін тарнсформаторға да тапсырыс беріп үлгердік. Егер сандармен айтатын болсақ, зауыттың жабдықталуы 70 пайызға дайын. Жергілікті билік инженерлік коммуникацияларды қосуға зор қолдау көрсетті», – деді Қайырлы Ғалиев

ДереккөзStrategy2050.kz