Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Сол бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — деп жазылған бұйрықта.

Бұйрық биылғы маусым айының соңына дейін күшінде болады.