Еліміздің барлық өңірінде білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашты. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.
Біреуі иығына ауыр сөмке емес, шоппер асынған. Бантикті емес, жай ғана ақ бауды таңдағандары да бар. Тағы біреуі мектеп формасына ерекше сән беруі үшін әшекей таққан.