Биыл Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия мектебінің оқушысы Арина мектептегі соңғы алғашқы қоңырауына келіп отыр. Оқуын бітірген соң көркем сурет, өнер саласына қатысты мамандықты меңгергісі келеді.

Ол өнер мен дизайнға жақын болса да, мектеп формасының қарапайым әрі еркін болғанын қалапты. Сол себепті Арина еліміздегі мектеп формасы үлгісі талабына сай, ақ жейде мен қара белдемше, ақ спорт аяқкиім киген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал дәл осы мектептің 8-класс оқушысы Мәдина классиканы ұнатады. Сол себепті бүгін ол костюм шалбар киіпті. Елдегі мектеп формасына қойылған талап бойынша қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруға тиіс. Мәдинаның киім үлгісі бекітілген ережелерге сай келеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мәдина мектеп формасына ерекше сән беруі үшін түрлі әшекей таққан. Өзінің айтуына қарағанда, әшекей атаулыны жаны сүйеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

№135 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Арина биыл 3-класқа барды. Үш жыл ішінде оқу орнының ережесіне, атмосферасына әбден үйреніп қалған. Сол себепті жаңа оқу жылына сақадай сай дайын. Әдеттегідей жаңадан алған формасын киген, басына үлкен аппақ бантигін таққан. Қолында мұғаліміне алған гүл шоғы бар. Алғашқы қоңырауға анасымен келіпті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Альмира  мен Мирас — бір үйдің балалары. Мирастың алғашқы қоңырау салтанатына аса дайындықпен келгені байқалады, өйткені барлық оқушы мен мұғалім, ата-ана алдында ән айтады. Сахнада әдемі болу үшін жаңа костюмін киген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Келесі фотодағы Мадияр мен ерекше шаш үлгісі бар Даниэль. Мектептегі бірінші күні болса да, екеуі қажет кітаптарын алып үлгерген.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

11-класс оқушысы Ақкербез жаздың атмосферасынан әлі шыға алмай жүр екен. Көзілдірік таққан, иығына шопперін асып алған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Арина бүгін мектепке шашын бұйралап келсе, Софья бантик орнына жай ғана ақ бау таққан.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өз оқу орындарының киім үлгісі бойынша киініп келген. Бірдей форма, бірдей қызыл галстук, жилетінің оң жағында Назарбаев зияткерлік мектебінің эмблемасы.

Фото: Жұлдыз Қажатова/Baribar.kz

Қазақстан заңнамасы бойынша мектеп формасына қатысты белгілі бір талаптар бар. Мысалы, қыздар пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде, қыста трикотаж жилет, сарафан, водолазка киюіне болады.

Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілуі және тобықты жауып тұруға тиіс. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының белгілерін тағуға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және белдемшенің ұзындығына қатысты талаптарды орта білім беру ұйымы шешеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz