Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елде 6 миллионға жуық автокөлік тіркелді

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

Ұлттық статистика бюросы жариялаған статистика бойынша елде 5 млн 995 мың көлік құралы тіркелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Тек мамыр айының өзінде 147,7 мың көлік есепке қойылды. Оның ішінде 129 мыңы – жеңіл автомобиль, 8,7 мыңы – жүк көлігі, 1,3 мыңы – автобус және 1,6 мыңы – мотоцикл.

Тіркелген көліктердің басым бөлігі, 84,2%-ы жеңіл автомобильге тиесілі.

Отын түріне келсек, көліктердің 80%-ы бензинмен жүреді. Дизельді көліктердің үлесі — 7,6%, аралас отын пайдаланатындар – 6,5%, ал газбен жүретін көліктердің үлесі — 0,4% болды.

Елімізде электр қуатымен қозғалатын 32 479 көлік тіркелген. Бұл жалпы автокөлік санының шамамен 0,5%-ына тең.

Электромобильдер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда 17 506 электр көлігі есепте тұр. Кейінгі орында Астана (3 235 көлік), Алматы облысы (2 857) және Шымкент (1 042) бар.

Контекст

Естеріңізге салайық, алты айдан кейін электромобиль көліктерге жасыл нөмір беріледі.

Мақалаға реакция