Не болды?
Астанада білім беру грантын алып беріп, магистратура мен докторантураға түсіруге көмектесемін деп азаматтарды алдаған азаматқа сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Тергеу барысында сотталушы өзін білім беру саласында ықпалды байланысы бар адам ретінде таныстырғаны белгілі болды. Сонымен қатар жоғары оқу орнына түсу мен грант мәселесін шешіп бере алатынына сендіргені анықталған. Айыпталушының сөзіне сенген азаматтар түрлі көлемде ақша беріп, келіскен.
Шын мәнінде ешқандай қызмет көрсетілмеген. Күдікті алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
Прокуратура мәліметінше, алаяқтық салдарынан 111 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 70 миллион теңге. Жәбірленушілердің басым бөлігіне келтірілген залал әлі өтелмеген.
Прокуратура оқу орнына қабылдау мен білім грантын беру заңнамада белгіленген тәртіппен ғана жүретінін ескертеді. Құқық қорғау органдары мұндай ұсыныстарға сенбеуге және осындай жағдайға тап болған жағдайда жедел хабарласуға шақырады — делінген хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін мойындағанымен, сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген азамат сотталды.
