Не болды?
EGov Mobile қосымшасында QazaqGaz Aimaq жаңа сервисі іске қосылды. Енді азаматтар газ есептегіштің көрсеткішін бақылаушы тексерместен бұрын өз бетінше жолдай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, жаңа қызметке жасанды интеллект негізіндегі автоматты тексеру жүйесі енді.
Жүйе есептегіштің түсірілген фотосын қолмен енгізілген көрсеткішпен автоматты түрде салыстырып, операторға жібермей тұрып-ақ сәйкессіздікді анықтайды.
Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл қате енген мәліметтер мен баспа қателерін азайтып, төлемнің дұрыс есептелуін қадағалайды. Сонымен қатар бақылаушылар тарапынан жүретін қосымша тексерісті де азайтады.
Бұған дейін тұтынушылар газ есептегішінің көрсеткішін тек газбен жабдықтаушы компанияның жеке қосымшасы арқылы онлайн жолдай алатын.
Қызметті пайдалану үшін:
- eGov Mobile қосымшасына кіру;
- «Сервистер» бөлімінен QazaqGaz Aimaq қызметін таңдау;
- деректерді ұсынуға келісім беру және жеке мәліметтерді тексеру;
- жеке шот нөмірін енгізу қажет.
Осыдан кейін жүйе аталған шотқа тіркелген барлық газ есептегіштерін автоматты түрде көрсетеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Жетісу облысында 6000 тұрғынның газ төлемі заңсыз есептелген.
